Испан тұмауы кезінде маска тақпаса түрмеге қамаған – шындық
Желіде 1918-1919 жылдары Испан тұмауы пандемиясы кезінде маска тақпаған адамдарды түрмеге қамағандығы туралы ақпарат таратылуда. Шын мәнінде, солай болған.
ХХ ғасырдың басында әлем алғаш рет бұған дейін беймәлім болған вирусқа тап болды. Дәрігерлер дәрі іздеп, вакцина әзірлегенше, үкімет аурудың таралуын бәсеңдетуге септігін тигізетін нақты талаптарды бекітті.
Сол кездегі шектеулер қазіргілерге ұқсайды. 1918 жылы қол алысуға, құшақтасуға тыйым салынды, бетперде тағу туралы бұйрық шығарылды, мектептер мен балабақшалар уақытша жабылды. Зерттеулер көрсеткендей, соңғы аталған шара инфекцияның таралу қарқынын 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Ережелерді бәрі бірдей сақтауы үшін кейбір елдерде бағынбағаны үшін айыппұлдар мен жазалар жүйесі енгізілді. Мысалы, АҚШ-та Калифорнияда маска болмағаны үшін 5-100 долларға мөлшерінде айыппұл салынған және 10 күнге түрмеге қамалуы мүмкін.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, пандемия кезінде маска тағу өте маңызды, өйткені олар індетті жұқтыру қаупін азайтады және инфекцияның таралуын баяулатады. Қолды жиі жуып, әлеуметтік қашықтықты сақтау және адамдар көп жиналатын жерлерге бармаумен қатар, жеке қорғаныс құралдарын қолдану COVID-19 алдын алудың тиімді шарасы болып табылады.