Жаңалықтар

Фейк: «Кеңестік барлаушылар жаңа әлемдік тәртіпті құру бойынша COVID-19 пандемиясы жоспары туралы білген»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушылары әлдебір «элитаның» жоспарлары туралы 1960-шы жылдары мәлім болған деген теорияны алға тартуда. Бұған дәлел ретінде олар 1968 жылы шыққан кеңестік «Жым-жырт маусым» («Мертвый сезон») фильмін келтіреді. Мұның бәрі конспирология.


Бұған дейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қастандық теорияларын жақтаушылар COVID-19 пандемиясын қолдан жасаған белгілі бір әлемдік «элита» бар деп жазып келді. Олардың пікірінше, бұл халықтың көп бөлігін жою, содан кейін жаңа әлемдік тәртіп орнату үшін жасалады, бұл мемлекеттердің егемендіктерін, қолданыстағы валюталарды жою және адамдарды негізгі құқықтарынан, соның ішінде отбасы құру және балаларды тәрбиелеу құқықтарынан айыру үшін жасалады. Бұл неге шындыққа жанаспайтыны туралы біз егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.

Фейк: «БҰҰ барлық мемлекеттердің егемендігін, жеке меншікті және ата-аналардың бала тәрбиелеу құқығын жоюды жоспарлап отыр»

Алайда, пайдаланушылар бұл қастандық теориясына дәлелдер іздеуді тоқтпай отыр. Атап айтқанда, олар 1968 жылы шыққан «Жым-жырт маусым» фильмі барлаушылардың алдағы пандемия мен БҰҰ-ның жоспарлары туралы білетіндігін дәлелдейді деп санайды.
Шын мәнінде, фильмде мұндай ештеңе көрсетілмейді. Сюжетте кеңестік барлаушы полковник Константин Тимофеевич Ладейников туралы баяндалады. Ол қалтасында Эр-Эйч газы туралы шифрланған ақпарат табылған байланысшының өлімін тергеумен айналысады. Сценарий бойынша, бұл зат аз мөлшерде адамның зияткерлік әлеуетін ынталандырады, көп мөлшерде — оны сыни тұрғыдан ойлауға қабілетсіз роботқа айналдырады.
Сюжетте COVID-19 пандемиясына ұқсас ештеңе жоқ.
Сонымен қатар, 1960 жылдары химиялық, биологиялық және басқа да қару-жарақ тақырыбы кино, әдебиет және өнердің басқа салаларында өте танымал болды. Бұған екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ пен КСРО арасында басталған қырғи – қабақ соғыс пен химиялық, ядролық және басқа да түбегейлі жаңа қару түрлерін ойлап табуға әкелген ғылыми-техникалық прогресс септігін тигізді.
Демек, «Жым-жырт маусым» фильмінің COVID-19 пандемиясымен ешқандай байланысы жоқ, ал әлемде шиеленіс тудыратын белгілі бір әлемдік «элитаның» болуы – бұл расталмаған қастандық теориясы.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button