Конспирология

Конспирология: «2050 жылға қарай төрт миллиард адам жойылуы керек»

Instagram-да тараған жоспарға сәйкес, 2050 жылға қарай кем дегенде 4 миллиард «пайдасыз жандар» жойылуы керек және кәрі және ауру адамдардың барлығы эвтанизиялауға жатады. Шын мәнінде жоспарда не туралы айтылған және ол нені білдіреді? Түсіндірейік.


Қазнетте үзіндісі тараған кітап «Қастандық жасаушылар иерархиясы: Комитет 300 тарихы» деп аталады. Оның авторы – конспиролог Джон Коулман.
Оның жазғаны рас дегенге сенуге негіз жоқ. Кітапта аталған Комитет 300 – бұл планетаның ең беделді адамдары кірген ойдан шығарылған қауымдастық. Мұндай комитеттің болуы туралы идея 1920 жылдары шыққан, кейіннен өзгертіліп, оған жаңа мәліметтер қосылды. Алайда, ол қалай өзгерсе де, оның шынайылығына дәлеллер табылмады.
Жер халқының санын мәжбүрлі түрде азайту туралы идеялар конспирологтар арасында да танымал. Мысалы, Билл Гейтс, Джон Рокфеллер және басқа да беделді адамдар депопуляция жоспарларын құрған деп хабарланды. Біз бұл хабарламалардың шындыққа жанаспайтыны туралы жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, кітаптың бетіндегі барлық науқастар мен қарттарды эвтаназиялау туралы жазылған абзац көрініп тұр. Егде жастағы адамдарды эвтанизиялауды француз саяси қайраткері Жак Аттали ұсынған. Алайда, бұл жалған.

Фейк: «Пандемия мен жаппай егу 1981 жылы жоспарда болған»

Қорыта айтқанда, таралған хабарлама – өтірік және манипуляция. Суретте өз идеяларын дәлелдемеген белгілі конспирологтың кітабының бір беті көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button