Конспирология

Фейк: «Музыканың жиілігі адамдардың денсаулығына зиян келтіру үшін өзгертілді»

Желіде нацистер мен Рокфеллерге байланысты белгілі бір элиталық топтың әлемдік музыкалық стандарттың өзгеруіне қатысы бар деген қастандық теориясы тарады. 440 Гц музыканың жиілігі стресс, алаңдаушылық және ашу тудырады, ал 432 Гц тыныштандырады. Бұл адамдарды басқаруға мүмкіндік береді екен. Бұл ақпарат жалған.

Алдымен физиканы еске түсірейік. Дыбыс – бұл механикалық толқын, оның жиілігі, амплитудасы және ұзындығы болады. Дыбыс жиілігі – бұл уақыт бірлігіндегі тербелістер саны. Жиілік неғұрлым көп болса, дыбыс соғұрлым жоғары болады. Жиілік герцпен (Гц) өлшенеді.
Музыкалық шығарманы оркестрмен үйлесімді орындау үшін барлық аспаптардың дыбысы біркелкі болуы қажет. Олардың дыбысын стандарттау әрекеттері болды, бірақ ешқайсысы әлемдік қауымдастықпен қабылданбай, уақыт пен аймаққа аса тәуелді болды.
Неміс өнертапқышы Иоганн Генрих Шайблер 1834 жылы тонометр жасап шығарды. Құрылғы дыбыстың қаттылығын өлшеуге мүмкіндік берді. Физиктер конгресінде Шайблер секундына 440 тербелісті құрайтын параметр стандартын қолдануды ұсынды.
Француздар 1859 жылы 435 стандартын қабылдады. 1917 жылы америкалық музыканттар федерациясы өз оркестрлері үшін 440 Гц дыбысты белгіледі.
Бірақ ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейін әр музыкант пен ансамбль аспаптарды өз бетінше күйге келтіріп келді. Мысалы, Ресейде 436 Гц, Англияда – 419 Гц, Венада – 435 Гц стандарт болып саналды.
1955 жылы бірінші октаваның «ля» нотасы үшін 440 Гц халықаралық стандарты қабылданды.  Бұл стандарт ұсынымдық сипатқа ие. Әр музыкант өз шығармалары үшін басқа жүйені қолдана алады.
Сонымен қатар, Беркли университетінің профессоры, дыбыс жазу және араластыру бойынша сарапшы Принц Чарльз Александрдың пікірінше, тыңдаушылардың көбі 432 Гц пен 440 Гц арасындағы айырмашылықты ажырата алмайды.
Әлемдік тарихқа сүйенсек, 440 Гц дыбыс жиілігі музыканттардың көбіне ыңғайлы болғандықтан таңдалды. Бұған нацистердің немесе Рокфеллердің қатысы бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ.
Сондай-ақ, 432 Гц адам ағзасына жағымды, ал 440 Гц-те жағымсыз әсер етеді деген ғылыми негіз жоқ. 2019 жылы жүргізілген екі күндік зерттеу бар. Сынаққа қатысатын 33 ерікті алынды. Олар бір күні 440 Гц жиіліктегі музыканы тыңдаған, ал екінші күні сол композиция, бірақ 432 Гц жиілікте қойылған. Эксперимент нәтижелері көрсеткендей: 432 Гц диапазонындағы музыка жүрек соғу жиілігін төмендетеді.
Бұл тұжырымдардың дұрыстығы мен негізділігін растау үшін қосымша эксперименттер жүргізу қажет.
Әзірге 432 Гц адам ағзасына жақсы әсер ететінін дәлелдейтін нақты ғылыми мақалалар жоқ. 440 Гц жиілігі адамның психикасына жағымсыз әсер ететіні де мүлдем дәлелденбеген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button