Fake NewsКонспирология

Фейк: «Симпсондар» Гавайидегі өртті болжаған»

Әлеуметтік желі қолданушылары «Симпсондар» мультипликациялық сериалынан тағы бір «болжамды» тапты. Бұл жолы олар шоуды жасаушылар Гавайидегі көп адамның өліміне әкелген өрт алдын ала болжаған деп жазуда. Мұның бәрі жалған.

Гавайиде Мауи аралында болған өртті болжайтын кадрлар ретінде мультсериалдың эпизодынан үзінді ұсынылған, онда белгісіз сәуле ойдан шығарылған Спрингфилд қаласына түсіп, үйлердің қирауына, орманның өртенуіне, көлдердің қайнауына әкеп соғады. Конспирологтардың пікірінше, бұл өртті болжап қана қоймай, сонымен қатар олардың «тікелей энергетикалық қарудан» болды деген теорияны дәлелдейді.
Шын мәнінде, мұндай қару жоқ, ал қастандық теориясын жақтаушылар үзіндісін қолданған серияда ешқандай қару туралы айтылмайды.
Мульсериалдың аталған эпизоды 2016 жылдың қыркүйегінде шыққан және Monty Burns’ Fleeing Circus (Монти Бернстің кезбе циркі) деп аталады. Сюжетке сәйкес, ойдан шығарылған Спрингфилд қаласының тұрғындары басты алаңнан мүсіннің жоғалып кеткенін байқайды. Көп ойланбастан жергілікті әкімдік оның орнына жаңасын орнату туралы шешім қабылдайды. Бірер уақыттан кейін тұрғындарға хромдалған ірі мүсін ұсынылады, бірақ презентация ойдағыдай өтпейді. Мүсін күн сәулесін шағылыстырып, ол қалаға түседі, соның салдарынан саябақтар мен ғимараттар отқа оранады. Конспирологтар сериалдың нақ осы жерін мультфильмдегі мүсінінен шағылысқан сәулені «тікелей энергетикалық қару» ретінде көрсетеді.
Бұл «Симпсондарда» 2023 жылдың 7 және 8 тамызында Гавайиде болған өрттер туралы болжам жасамағанын дәлелдейді. «Тікелей энергетикалық қару» туралы теориялар ойдан шығарылған және конспирология.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button