Конспирология

Фейк: «Симпсондар» электромагниттік импульске байланысты планетада электр қуаты өшірілетінін болжауда»

Желіде «Симпсондар» мультсериалын жасаушылардың тағы бір «болжамы» тарады. Telegram чаттарының бірінде мультфильмнің электромагниттік импульс планетада электр қуатын өшірген үзіндісі шықты. Бұл жалған. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Сериал жасаушылардың көрегендік қасиетін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге болады. 1989 жылы математиктер Перси Диконис пен Фредерик Мостеллер сипаттаған ықтималдық теориясындағы Үлкен сандар заңын еске түсірейік. Атап айтқанда: «егер таңдау көп болса, болмаған орын алуы мүмкін». «Симпсондар» мультсериалы заң сипатталған жылы түсіріле бастады. Қазір бұл анимациялық дастанда 700-ден астам серия бар, таңдау бар десе де болады.

1859 жылы Күндегі жарқылдан техногендік апат болды. Алғашқы құжатталған ең күшті геомагниттік дауыл «Каррингтон оқиғасы» деген атпен белгілі. Бүкіл Еуропада телеграфтар істен шығып, электр құрылғылар бұзылды. Оқиғаның салдары жойылды.

Содан бері әлемдегі ғалымдар геомагниттік дауылдардың күшін бақылап, оның салдарын болжай бастады. Ол үшін бірнеше арнайы индекс жасалды. Мысалы, Disturbance Storm Time Index (DST). Экватор маңындағы геомагниттік обсерваториялар желісіне негізделген деректер 1957 жылдан осы күнге дейін талданып келеді. Бірқатар елде геомагниттік бұзылулардың жергілікті индекстері жасалады. Олар электр компанияларының да арсеналында бар.

Жыл сайын Күн мен оның Жерге әсері туралы көп мәлімет беретін NASA-ның тағы бір үлкен жобасы бар. АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы 2018 жылы Parker Solar Probe зондын іске қосты. Зонд атмосфераның жоғарғы қабатынан өтіп, 2021 жылы жұлдызға жақындады. Ғалымдар Күн желінің табиғатын және тәждің қызып кетуін түсінуге көмектесетін білім алды. Болашақта бұл ғарыштық ауа райының экстремалды құбылыстарын түсінуге және болжауға көмектеседі, яғни планетамызда жоғары технологиялық жабдықтардың жұмысындағы ықтимал бұзылулардың алдын алады.

Сондай-ақ видеоның астында ДЭФ директоры Клаус Швабтың күн импульстары тек электр қуатын ғана емес, интернетті де бұзады деген дәйексөзі келтірілген. Оның бұл туралы айтқанының дәлелі Дүниежүзілік экономикалық форумның ресми сайтында да, ашық деректерде де жоқ. Демек, дәйексөз ойдан шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button