Фейк: «Шоколад қалдықтардан жасалады»
Әлеуметтік желі қолданушылары таратқан роликте шоколад жарнамасы көрсетілген. Кадрдағы қыз атап шыққан ингредиенттердің ішінде табиғи қоспалар жоқ. Одан әрі құрамы дәл осындай ректалды дәрінің жарнамасы ұсынылады. Нәтижесінде пайдаланушылар супермаркеттерде сатылатын тағам «қалдықтардан» жасалған деген қорытынды жасайды. Бұл жалған.
Шын мәнінде, таралған видео – 2021 жылдың 19 қарашасында ТНТ телеарнасында шыққан Comedy Club әзіл-сықақ бағдарламасынан үзінді.
Яғни, құрамы бірдей химиялық шоколадтар мен ректалды дәрі туралы жарнамалық ролик – бұл әзіл, оны шын деп қабылдаудың қажеті жоқ.
Супермаркеттерде ұсынылған өнімдер қалдықтардан жасалатыны және олардың құрамында дәрі-дәрмек бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ, деп жазады Желіде.
Елімізде сатылатын тағамның сапасы 2007 жылғы 21 шілдедегі «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» Заңмен реттеледі. Осы Заңның 19-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжаттары жоқ тамақ өнімдерін өткізуге тыйым салынады». 20-бап сондай-ақ мұндай өнімді біздің елге импорттауға тыйым салады.
Яғни, қазақстандық супермаркеттердің сөрелеріндегі барлық өнімдер сертификатталған және сараптамадан өткен, оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі дәлелденді.
Қорыта айтқанда, бұл – жарнама ретінде ұсынылған әзіл видеоға негізделген жалған ақпарат.