Конспирология

Фейк: «Жаңа Орлеанның орталығында шайтан мүсіні орнатылды»

Әлеуметтік желі қолданушылары Жаңа Орлеанның орталығында, генерал Лидің ескерткішінің орнына шайтанның мүсіні орнатылған деп жазуда. Бұл жағдайды талдап, мүсіннің шын мәнінде нені білдіретінін айтайық.

Хабарламаға тіркелген фотосуретте жылан оратылған күңгірт қара құйрығы бар бағана бейнеленген. Мүсіннің үстінде үлкен қара шар тұр. Кейбіреулер мұны шайтанның белгісі, демек, бұл әлемді зұлымдар басқаратынын дәлелдейді деп ойлайды.
Шын мәнінде, бұл мүсіннің шайтанға ешқандай қатысы жоқ. Желіде адамдарды шатастыру үшін мүсіннің артынан түсірілген сурет таратылуда.
Егер мүсінді алдынан қарасаңыз, оның бағана емес, жылан оратылған әйелдің мүсіні, ал бастың орнына қасықтың жоғарғы бөлігі жасалғанын байқауға болады. Мұндай ерекше туындының авторы – Симона Ли.

Оның айтуынша, жылан оралған әйел денесі – африкалық су құдайы Мами Ваттың бейнесі. Әдетте оны әйел түрінде қолында немесе иығында бір немесе бірнеше жыланмен бейнелейді. Сондай-ақ, құдай ана кейде су перісі болып та салынады. Мами Ваттың бейнесі қаржылық сәттілік пен әл-ауқат әкеледі деп саналады.
«Бас» ретінде қолданылған қасық – зулу мәдениетіндегі маңызды символ. Зулу – бұл Оңтүстік Африка халқы. Жаңа Орлеанда зулудың үлкен диаспорасы тұрады.
Мүсін 2022 жылдың қаңтарында генерал Ли ескерткішінің орнына орнатылды. Ол Prospect New Orleans бастамасы аясында 2022 жылдың тамызына дейін тұрды. Идея белгілі бір жерлерде өнер туындыларын көпшіліктің назарына кезек-кезекпен ұсынуға негізделген. 
Генерал Роберт Эдвард Лидің ескерткіші 2017 жылы бұзылған. Ол Америкадағы Азаматтық соғыс кезінде Конфедерация армиясының генералы болған. Ескерткішті бұзуға генерал Лидің көзі тірісінде құлдықты қолдауы, нәсілшілдік идеяларын насихаттауы және жекелеген Штаттардың АҚШ құрамынан шығуын қолдағаны себеп болды.
Оның құрметіне салынған ескерткішті бұзудың да, одан кейін орнатылған Симон Ли жасаған мүсіннің де сатанизмге ешқандай қатысы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button