Конспирология

Фейк: «5G технологиясы тірі тіршілік иелерінің ауқымында жұмыс істейді және қару болып табылады»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар «тіршілік иелерінің ауқымында» жұмыс істейтіндіктен 5G технологиясы адам үшін өте қауіпті деген сарапшының қорытындысын таратуда. Бұл нені білдіреді және мұндай мәлімдемелерге сенуге бола ма? Анықтайық.


Аталған зерттеуді жүргізген сарапшыдан бастайық. Құжатта ол Самара қаласының «Автомобиль көлігіндегі тәуелсіз сараптама орталығының» (АКТСО) қызметкері Антон Николаевич Колмыков деп жазылған.
Мұндай есімі мен лауазымы бар адам туралы бұқаралық ақпарат құралдарында бұрын жазылған, бірақ даулы мәселеге қатысты. Калмыков 24 миллион рубль көлемінде грант бөлуді талап еткен. Ол осы ақшаға қажетті сараптамалар жүргізіп, Мәскеуде мавзолейде Владимир Лениннің денесі емес, еврей, АҚШ азаматы Даниэль де Леон жатқанын дәлелдемек болған. Колмыков бұл теориясына жанама болсын, растаған жоқ.
Бұл Колмыковтың қастандық теорияларына сенетінін және оларды көпшілік алдында жақтайтынын көрсетеді, яғни оның 5G әсері тақырыбындағы зерттеулері күмән тудырады.
5G технологиясы қолданатын жиіліктерге келетін болсақ, олар құпия емес. 5G желілері 4G, Wi-Fi және полиция радарларының диапазондарда жұмыс істейді. Технология жаңа, қолданылмаған немесе бұрын болмаған жиіліктерді пайдаланбайды.
Зерттеу авторы «тіршілік иелерінің ауқымы» деп нені тұспалдап тұрғаны белгісіз. Физикада мұндай ұғым жоқ.
5G желілерін пайдалану қауіпті емес екенін тәуелсіз ғалымдардың ғылыми зерттеулері растайды. Сондай-ақ иондамайтын сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссияның (ICNIRP) және Еуропалық Парламенттің 5G-дің адам денсаулығына әсері туралы баяндамалары бар. Екеуінде де осы форматтағы байланыс адамның немесе жануарлардың денсаулығына зиянды әсер етпейтіні туралы жазылған.
Сонымен қатар бүгінгі таңда 5G желілері әлемнің көптеген елдерінде орнатылған, ал кейбіреулерінде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл елдерде көшеде жаппай қайтыс болу немесе естен танып қалу жағдайлары туралы хабарланған жоқ. 
Демек, Желіде таралған зерттеуге сенбеген жөн. Оны қастандық теорияларына сенетін біліктілігі күмәнді сарапшы жазған. Еңбек псевдоғылыми терминдер келтірілген, ал шығарылған қорытынды объективті шындыққа қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button