Фейк: «NASA-ның бұрынғы директоры Жерді өзгеғаламшарлықтар басып алады деп мәлімдеді»
Әлеуметтік желілерде бұрынғы астронавт және NASA басшысы Чарльз Болден конференцияда сөз сөйлеп, жоғары технологиялық өзгеғаламшарлықтар планетамызды басып алмақ деп мәлімдеген, оны ведомствоның екі қызметкері бұрынғы басшыны залдан шығарып жібергені туралы ақпарат тарады. «Ал бұл ғарышта 600 сағаттан астам уақыт болған адам және космонавтика маманы», – деп жазып автор Болденнің пікірі қате болса, онда оны NASA басшысы етіп тағайындамас еді дегенді меңгейді. Сондай-ақ, ғарышты жақсы білетіндер Жердегі адамдардан не жасырады дейді.
Бұл оқиғаға толығырақ тоқталайық.
Желіден іздеу барысында Болденнің жерден тыс өркениеттер туралы бір рет қана – 2015 жылы мектеп оқушыларымен кездесуде айтқаны анықталды. 10 жасар Кармен Диринг Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының басшысынан өзгеғаламшарлықтарға сенесіз бе деп сұраған.
Болден кішкентай қызға ғаламда миллиардтаған күн жүйесі бар деп жауап берді. Оның ойынша, бір күні жер тұрғындары өмірдің басқа түрін, біреуін немесе бірнешеуін, жақын жерден болмаса, басқа жерден табады. Өйткені, мыңдаған, тіпті миллиондаған планета бар. Олардың көбі Жерге ұқсас болуы мүмкін. Сондықтан адамдардың басым бөлігі бұған дәлел табылатынына сенеді.
Конференция кезінде бұрынғы астронавтты NASA сахнасынан шығару жағдайы болмаған жоқ, өйткені ол жерді өзгеғаламшарлықтар басып алды деген мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл фейк 2017 жылдың сәуірінде шыққан. Оны сөз сөйлегеннен кейін бірден ұзақ демалысқа жіберді деген ақпарат та жалған. Бұл мүмкін емес, өйткені ол кезде 71 жастағы Болтон NASA-да жұмыс істемеген.
Бұл фейктің бастапқы дереккөзі – World News Daily Report сатиралық жаңалықтар сайты, ол ойдан шығарылған жаңалықтарды жариялайды. Бұл сайттың сипаттамасында «осы сайттағы шыққан мақалалардың барлық кейіпкерлері, тіпті нақты адамдарға негізделген кейіпкерлері де толығымен ойдан шығарылған және олардың тірі немесе өлген адамдармен ұқсастығы ғажайып жағдай болып табылады» делінген.
Демек, Чарльз Болден Жерді өзгеғаламшарлықтар басып алатыны туралы конспирологиялық ойын айтпаған. Бұл туралы ақпарат жалған.