Fake News

Фейк: «ДДҰ ПТР тестілеу түрінде миллиардтаған адамның ДНҚ базасын жинап жатыр»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар ДДҰ, Рокфеллер және Ротшильдтер бүкіл әлем бойынша миллиардтаған адамның ДНҚ базасын жасырын түрде жинап жатқаны туралы жазуда. Пайдаланушылардың пікірінше, олар мұны, ПТР сынақтарын қолдану арқылы жүзеге асыруда. Бұл шындыққа жанаспайды. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

ПТР сынақтары ағзада SARS-CoV-2 вирусының бар-жоғын диагностикалау жолы емес, ДНҚ сынамасын алу әрекеті деген теория Желінің ағылшын тілді сегментінде 2022 жылғы ақпан айында тараған болатын. Бұған АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі CDC-орталығының аккаунтындағы твит түрткі болды.

Онда алынған жағындылардың 10% геномдық секвенирлеуге жіберілді делінген. Пайдаланушылар бұл жерде пациенттің геномы туралы айтылып отыр деп ойлап, қастандық теориясын ойлап шығарды. Көп ұзамай CDC бұл адамның ДНҚ-сы емес, вирустың РНҚ-сы туралы айтылды деп түсіндіргенімен, бұл теория осы күнге дейін бар және жаңа деректермен толықтырылып келеді.

Шын мәнінде, ДДҰ немесе басқа біреулер ПТР тестілеу түрінде миллиардтаған адамның ДНҚ дерекқорын жинайды дегенге сенуге негіз жоқ. Мұндай фейктерді ағылшын тілді фактчекерлер жоққа шығарған болатын.

COVID-19-ға ПТР сынақтары биоматериалда SARS-CoV-2 коронавирусының болуын анықтау үшін ғана қажет. Бұл талдаудың қалай жұмыс істейтіні туралы біз егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.

Фейк: «ПТР-тестілер өткір фазадағы кез келген ЖРВИ-ді анықтайтындықтан тиімсіз болып табылады»

Демек, таралған ақпарат – бір ғана қате түсіндірілген хабарламаға негізделген ескі фейк. Адамдардың ДНҚ-сын белгісіз мақсатта жасырын түрде біреулер жинап жатқанына ешқандай дәлел жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button