Fake News
Telegram-да бюллетеньдерді салудың ескі видеосы таратылуда. Ол Қазақстанда түсірілмеген
Telegram-арналарда бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке салу барысы көрсетілген бейнеролик тарады. Ол бүгін, 5 маусымда Республикалық референдум барысында түсірілген деп хабарланды. Бұл өтірік.
Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны Желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, бұзушылық Бақай ата ауданындағы № 6071 учаскеде орын алған.
Бүгін Қазақстанда өтіп жатқан референдумға оның ешқандай қатысы жоқ.