Fake News
Фейк: «ҚР электрондық үкіметінің сервистері америкалық серверлерде орналасқан»
Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталының жұмысын қамтамасыз ететін барлық серверлер АҚШ-та орналасқандығы туралы хабарламалар тарады. Бұл олай емес.
Бұл ақпаратты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ теріске шығарды.
«Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің барлық серверлері ел аумағында орналасқан», – деп хабарлады акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Қазнетте ҚР Электрондық үкімет порталы шетелдік серверлерде орналастырылғаны туралы хабарланған болатын. Бірақ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі портал жұмысын қамтамасыз ететін барлық серверлер Қазақстан аумағында орналасқан деп мәлімдеді.