Фейк: «Керісінше жазылған COVID сөзі «бойын жын билеген» дегенді білдіреді»
Қазнет қолданушылары COVID-19 атауының пайда болуы туралы теорияларды алға тартуда. Telegram чаттарда оңнан солға қарай жазылған бұл сөз DIVOC деп оқылады және еврей тілінен аударғанда «бойын жын билеген» дегенді білдіреді деген пікір айтылуда. Бұл жалған.
COVID сөзінің «құпия мағынасы» туралы алғаш рет ағымдағы жылдың тамыз айында Желінің ағылшын тілді сегментінде айтыла бастады.
Covid spelt backwards is Divoc – The meaning of the name DIVOC… Possession of a evil spirit and is of Hebrew origin. Divoc means in Latin… break up, sunder/disrupt. divide. tear away/open/apart, tear to pieces/in two.
— Whiskers 🌸🦋 (@joanna96678313) August 19, 2021
Содан кейін теория әртүрлі тілдерге, соның ішінде орыс тіліне аударылды, ал осы мазмұндағы посттар кеңінен таралды. Пайдаланушылардың айтуынша, DIVOC сөзі еврей фольклорында тірі адамдардың бойына қонып, жердегі істерін тындыруға тырысатын адамның рухын білдіретін Dybbuk (диббук) сөзімен үндес. Сондай-ақ, қастандық теориясын жақтаушылар вирус адамның бойын билеген рух секілді ағза жасушаларына жабысады дейді.
Лондон Университеті колледжінің, Колумбия университетінің және Оксфорд профессорлары Бұл болжамдарға қатысты түсініктеме берді.
– Divoc-пен Dybbuk екеуі бір емес. Мұндай тұжырым жасаудың жалғыз жолы – бұл сөздің еврей тілі емлесінде оның айтылуын білмей оқып шығу. Теориялық тұрғыдан оны divok / divoc деп айтуға болады. Себебі, еврей жазуы дауысты дыбыстардың айтылуына қатысты біршама түсініксіз және бірдей дауыссыз дыбысты сөзге байланысты b немесе v деп айтуға болады», – деп түсіндірді Лондон университетінің колледжінің иврит және еврей тілдерінің профессоры Лили Кан Newsweek басылымына.
Оксфорд университетінің құрметті өңірлік иврит профессоры Хью Уильямсон да Newsweek порталына Divoc сөзі иврит тұрғысынан грамматикалық және семантикалық жағынан күмәнді болатынын айтты. Ол да профессор Лили Канның пікірін қолдап, оңнан солға қарай жазылған COVID сөзінің халық шығармашылығында жын дегенді білдіретін ежелгі еврейлік Dybbuk сөзімен ешқандай байланысы жоқ екенін растады.
Колумбия университетінің идиш оқытушысы Агнешка Легутко dybbuk сөзінің шығу тегі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
– Бұл сөз еврейлердің «лидбок» етістігінен шыққан, ол «бөліну, жабысу» дегенді білдіреді. Бұл дибук ме-руах ха-рах еврей сөз тіркесінің аббревиатурасы, бұл сөзбе-сөз аударғанда «жынның бөлінуі» дегенді білдіреді және тірі жанның бойын билеген өлген адамның адасқан рухына, адам бойын жын билегеннің еврейлік нұсқасына қатысты айтылған. Вирустың тірі ағзаға «жабысуы» жағынан ұқсас, бірақ бұлай тек Sars-CoV-2 қатысты ғана емес, кез келген вирус туралы айтуға болады. Сонымен қатар, егер біз Dibbuk сөзін кері оқысақ, онда COVID емес, koovid болады», – деп түсіндірді ол.
– Шын мәнінде, COVID-19 ауруының атауы аббревиатура болып табылады. CO – корона (Corona-ағылш.), VI-вирус (virus-ағылш.) D-ауру, ауруға шалдығу (desease-ағылш.) дегенді білдіреді. 19 саны 2019 жылдың белгісі – алғаш рет ауру нақ осы кезде тіркелген.
Демек, COVID-19 ауруының атауында жасырын теріс мағына бар деген теория дұрыс емес. Оңнан солға, солдан оңға қарай жазылған COVID сөзінің фольклорда жын дегенді білдіретін Dybbuk еврей сөзімен ешқандай байланысы жоқ.
Бұған дейін қазақстандық қастандық теорияларын жақтаушылар COVID термині «жануарларды нөмірлеу» дегенді білдіреді, «медицина» сөзі Медичи тегінен, ал «иммунитет» сөзі мәйіттерді жинаған ежелгі рим құлдарының атауынан шыққан деген хабарламалар таратқан болатын.