2022 жылы орындалмаған болжамдар. Бұл жақсылықтың белгісі
Кейде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қорқынышты және біртүрлі болжамдар жасалады. 2022 жылы орындалмаған бес болжамға тоқталайық.
1. Миллиондаған вакцинацияланған адам өлген жоқ.
2022 жылдың ақпан айында Қазнет қолданушылары COVID-19 қарсы вакцина алған миллиондаған адам қайтыс болады деп мәлімдеген болатын. Бүгінде олай болып жатпағаны анық. COVID-19-ға қарсы егілген адамдар арасында жаппай өлім жағдайлары немесе өлім-жітім көрсеткішінің артуы тіркелмеген.
2. ДДҰ әлемдік билікті басып алған жоқ
2022 жылдың наурыз айында жасалған болжамға сәйкес, 1 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдік билікті басып алып, барлық қолданыстағы конституцияларды алып тастауы тиіс еді. Олай болмағаны анық.
3. Мысыр пирамидасының көлеміндей метеорит Жерге құлаған жоқ
Желі қолданушыларының айтуынша, метеорит 2022 жылғы 6 мамырда Жерге құлауға тиіс болатын. Біз астероидтың Жермен соқтығысу ықтималдығы 1:140 000 тең деп жаздық. Енді аспан денесі планетамызға ешқандай зиян келтірместен айналып өтті деп айтуға болады.
4. Әлемде ашаршылық болған жоқ
Желі қолданушылары 2015 жылы жасалған симуляция негізінде осындай болжам жасады. Оған бірнеше ірі компания мен ұйымдар қатысты. Ойынның мақсаты азық-түлік дағдарысы жағдайында жұмыс істеу тетіктерін әзірлеу болды. Симуляция желісінде сипатталған әлемдік аштық толығымен ойдан шығарылды және 2022 жылы аштық болатынын білдірмеген.
5. Адамдар тылсым күшке ие болған жоқ
TikTok әлеуметтік желісінде «Болашақтан келген адам» аккаунтын жүргізуші осындай болжам жасады. Оның айтуынша, планетаның түкпір-түкпіріндегі адамдар 2022 жылдың қарашасында тылсым күштерге ие болуы керек еді. Ол сондай-ақ 8, 12, 20 және 25 желтоқсанда бүкіл планета үшін өте маңызды оқиғалар болады деп мәлімдеді. Қазіргі кезде мұның бәрі ойдан шығарылғаны және уақыт саяхатшысының айтқандары орындалмағаны анық.
Жоғарыда аталған болжамдардың орындалмағаны жақсы.
Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын, құрметті оқырмандар!