Фейк: «Симуляция ойыны 2022 жылы әлемде аштық болатынын болжады»
Қазнет пайдаланушылары биыл азық-түлік дағдарысы болады деп қауіптенеді. 2015 жылы АҚШ-та өткен симуляция ойынында оқиғалардың осылай өрбитіні болжанған екен.
Бұл симуляция ойыны Food chain reaction crisis simulation деп аталды және 2015 жылдың қараша айында өткен. Оны бірден бірнеше ұйым ұйымдастырған, атап айтқанда, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры, Америкалық прогресс орталығы, Әскери-теңіз сараптамасы орталығы, Cargill азық-түлік компаниясы және т.б..
Ойынның толық сипаттамасы баршаға қол жетімді.
Оған сәйкес, ойынды өткізу туралы шешім ауылшаруашылық аймақтардағы құрғақшылық және бірқатар логистикалық проблемалар сияқты бірнеше факторларға байланысты 2007-2008 жылдары орын алған азық-түлік дағдарысына негізделген.
2015 жылғы ойын сценарийі толығымен ойдан шығарылған, бірақ сол кездегі саяси жағдайға және белгілі бір оқиғаларды дамытудың алғышарттарына негізделген.
Ойынды болжам деп санауға болмайды. Біріншіден, ойын сценарийі шындыққа қайшы келеді. Мысалы, сценарийде 2020 жылы басталған COVID-19 пандемиясы ескерілмейді, ал ойындағы оқиғалар 2020-2030 жылдары өрбиді. Сондай-ақ, сценарийде азық-түлік дағдарысының даму факторларының бірі ретінде «төтенше ауа райы жағдайлары» көрсетілген. Ал бізде ондай әлі болған жоқ.
Жалпы, симуляция ойынын болжам деп санауға еш негіз жоқ. Мұндай ойындар әр түрлі оқу-жаттығулар сияқты ұдайы өткізіліп тұрады. Ол үшін қазіргі кездегі жағдай ескерілген және белгілі бір қауіптердің туындау ықтималдығымен әртүрлі сценарийлер жазылады,
Бұған дейін біз мұндай фейктерді жоққа шығарған болатынбыз. Әлеуметтік желілерді қолданушылар әлемдік үкімет «Оқиға – 201» деп аталатын оқу-жаттығуларда пандемияға алдын ала «дайындалған» деп жазған еді.