Fake News

Фейк: «ДДҰ SARS-COV-2 вирусын бөліп алып, оқшаулаған ғалымға ақша төлейді»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты бөліп алып, оқшаулағаны үшін 225 000 доллар грант бөлгені туралы ақпарат тарады. Кейінірек уәде етілген сома миллион долларға дейін өсті, бірақ бірде-бір ғалым SARS-CoV-2 бөліп шығара алмаған екен. Сондай-ақ, хабарламада мутациялар, жаңа штамдар мен вакциналардың пайда болуы өтірік, өйткені коронавирус жеке вирус ретінде анықталмаған деп жазылған.


Шындығында, таралған ақпарат – фейк. SARS-CoV-2 вирусы әртүрлі зертханалар мен елдерде бірнеше рет бөлініп алынып, оқшауланған және оның геномы толық сипатталған.
Вирусты неге бөліп алу керек? Вирусты не екенін, қай топқа жататынын, қалай әсер ететінін, қалай өзгеретінін және адамның иммундық жүйесімен әрекеттесуін түсіну үшін егжей-тегжейлі зерттеу үшін оқшауланады.
SARS-CoV-2 алғаш рет 2020 жылдың қаңтарында қытай ғалымдары бөліп алып, сипаттаған. Кейіннен ол АҚШ, Корея, Италия және Канадада оқшауланды. Яғни, коронавирус ешқашан бөлініп алынбаған деген пікір қате.

Сонымен қатар ДДҰ вирусты оқшаулау үшін миллион немесе 225 000 доллар бөлген емес. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында да, басқа сенімді дереккөздерде де ақпарат жоқ.
Демек, әлеуметтік желілерде тараған ақпарат фейк. Біріншіден, коронавирус ешқашан оқшауланбаған деген мәлімдеме жалған. Екіншіден, ДДҰ вирусты оқшаулауға ақша бөлген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button