Fake News

Фейк: «ДДСҰ осы жылдың 1 мамырында әлемде билікті басып алуды жоспарлап отыр»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қатысушы елдерді COVID-19 туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлеуде деп жазуда. Бұл құжат ДДСҰ-ға биыл мамыр айында әлемде билікті басып алуға мүмкіндік береді екен. Шын мәнінде, мұндай келісім жоқ.


Таратылған постта пандемия келісімі туралы айтылады. ДДСҰ оны кеңейтіп, түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл құжаттың әзірленетіні туралы COVID-19 пандемиясы кезінде хабарланды. Бұл туралы ақпарат ДДСҰ-ның ресми сайтында 2021 жылғы 1 желтоқсанда жарияланған.
Халықаралық келісім пандемияның алдын алу, дайындықты қамтамасыз ету және әрекет ету шараларын қабылдау тетіктерін нығайту үшін әзірленеді. Бұл құжат ДДСҰ-мен біржақты қабылданады немесе кез келген тәуелсіз мемлекеттердің конституциясынан асатын заңды күшке ие болады деп еш жерде жазылмаған. Сондай-ақ, бұл ДДСҰ-ға бүкіл әлемде билікті басып алуға негіз береді деп те айтылмайды.
Керісінше, ұйымға қатысушы елдер жаңа келісімді талқылауға қатысып, оған түзетулер мен ескертулер енгізе алады. Мысалы, АҚШ пен Үндістан, Бразилия және т.б. мемлекеттер секілді.
Келісімнің биыл мамыр айында күшіне енетіні шындыққа жанаспайды. Алдын ала жоспар бойынша, бұл 2024 жылы жүзеге асуы мүмкін. Оған дейін құжат талқыланады.
Демек, ДДСҰ әлемде билікті басып алуды жоспарлап отырған жоқ және әзірленіп жатқан құжат ұйымға үкіметтерді құлатуға және билікті басып алуға жол бермейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button