Fake News

Фейк: «Генетикалық түрлендірілген масалардан безгек өрши бастады»

Telegram чаттарында АҚШ-тың Флорида штатында безгектің өршуі туралы жазылуда. Кейбір адамдардың пікірінше, оны Билл Гейтс шығарған генетикалық түрлендірілген масалардан таратқан. Бұл олай емес.

Генетикалық-модификацияланған масалар Oxitec компаниясы 2022 жылы Флорида мен Калифорнияда шығарған. Олар жабайы ортаға Aedes aegypti түріне жататын миллиондаған аталық маса, сары безгекті маса ұшырған. Бұл жәндіктердің геномы өміршең ұрпақ бере алмайтындай етіп өзгертілген. Осының арқасында Денге безгегі мен Зика вирусын тарататын Aedes aegypti масаларының популяциясы бірнеше есеге азайып, адамдарға қауіп төндірмейді.

Aedes aegypti түріне жататын масалар безгектің тасымалдаушысы бола алмайды. Бұл ауруды басқа, Anopheles тобына жататын кішігірім масалар таратады, адамдарға ауруды аналық масалар ғана жұқтырады.

Естеріңізге сала кетейік, Oxitec гендік-модификацияланған масаларды басқа түрде ғана емес, басқа жыныста да шығарған.

Сонымен қатар Билл Гейтс Oxitec компаниясының басшысы емес. Компанияның баспасөз хатшысы Associated Press порталына хабарлағандай, Aedes aegypti аталық масаларын ұшыру жобасына Билл Гейтс демеушілік етпеген және оған мүлдем қатысы жоқ.

Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған. АҚШ-та безгектің өршуі генетикалық түрлендірілген масалармен, әсіресе Билл Гейтспен байланысты емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button