Fake News

Дәлелсіз: «2022 жылы вакциналардан миллиондаған адам өледі»

Әлеуметтік желі қолданушылары COVID-19 қарсы вакцинация миллиондаған адамның өліміне әкеледі деген пікір білдіруде. Бұл мәлімдеме негізсіз.


Вакцинацияға қарсы адамдар COVID-19 қарсы вакцинацияланғандардың барлығы көп ұзамай қайтыс болады деп бірнеше рет айтқан. Бірақ бұл болжамдардың орындалу мерзімі үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, 2020 жылы Қазнетте егілген адамдар «жарты жылдан кейін» өле бастайды деген ақпарат тарады. Ал болжам орындалмағанда, вакцинацияланғандар 2021 жылдың қыркүйегінде жаппай қайтыс болады деген теория шықты. Кейіннен Қазнетте осыған ұқсас басқа да хабарламалар таралды, алайда оларға сенуге ешқандай негіз болмаған, әлі де жоқ.
Қазір таратылып жатқан ақпарат бұрын қастандық теориясы мен жалған ақпарат таратқан THE EXPOSÉ порталында алғаш рет жарияланды.
Өз есептеулерінде портал қызметкерлері вакцинацияланған спортшылар арасындағы өлім туралы есептерге сүйенді. Мұндай статистиканы сенімді немесе дұрыс деп санауға болмайды. Бұл жағдайлар туралы біз жазған болатынбыз. Вакцина салдарынан болған атлеттердің өлімі туралы ақпараттар көп жағдайда жалған немесе манипулятивті болып табылатындығын шетелдік фактчекерлер де мәлімдеді. 
Осы мәліметтерге сүйене отырып, портал қызметкерлері 2022 жылы вакцинадан 62 миллионнан астам адам көз жұмады деген қорытындыға келді. Бұл ретте есептеулердің қалай жүргізілгені, сондай-ақ вакцинация 2020 жылы желтоқсанда басталса, осы уақытқа дейін әлемде онымен байланысты жаппай өлім болмаса, неге бұл адамдардың барлығы 2022 жылы қайтыс болады деп айтылатыны түсініксіз. 

Демек, COVID-19 қарсы вакцинациядан миллиондаған адам өледі деген ақпарат сенімсіз мәліметтерге және белгісіз әдіспен жасалған есептеулерге негізделген. Бұл болжамдардың орындалатынына сенуге ешқандай негіз жоқ. Оның үстіне, Желіде мұндай мазмұндағы хабарлама бірнеше рет таратылды, олардың ешқайсысы орындалған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button