Fake News

Фейк: «Бөтелкедегі суда графен оксиді бар»

Қазақстандық конспирологияны жақтаушылар бөтелкедегі судың құрамында графен оксиді бар екенін дәлелдейтін видео таратуда. Кадрларда ер адам әр түрлі құрылғылардың көмегімен екі стаканға құйылған газдалған суды сынайды, нәтижесінде су қараяды. Бұл тәжірибені талдап, оның графен оксидіне неге қатысы жоқ екенін түсіндірейік.

Графен оксиді – графеннің тотыққан түрі – бір атомның қалыңдығымен көміртек атомдарының қабатымен түзілген көміртектің аллотропты модификациясы. Бұл затты алу қиын және оны суға немесе тағамға қосу мағынасыз.

Видеода көрсетілген тәжірибелерге тоқталсақ. Біріншіден, ролик авторы суды тотығу-тотықсыздану әлеуетін өлшейтін, яғни оның биохимиялық реакцияларға түсу қабілетін анықтайтын құрылғымен тексереді. Ауыз су үшін бұл көрсеткіш ағзадағы сұйықтықтардың -қан, сілекей және т.б. тотығу-тотықсыздану әлеуетіне жақын болуы керек. Суда графен оксидінің бар-жоғын ТТӘ құрлғысымен анықтау мүмкін емес екені анық. Құрылғы бұл мақсаттарға арналмаған.

Видеода көрсетілген екінші тәжірибе – электролиз. Бұл әдісті жиі «ғажайып» су фильтрлерін сататын алаяқтар пайдаланады. Электролиз кезінде су, таза болса да, міндетті түрде қараяды және тұнба пайда болады. Бұл судың сапасына байланысты емес, электролиз кезінде суға батырылған электрод жартылай ерігендіктен болады. Яғни, судың түсі электрод жасалған материалға байланысты болады. Судың боялу қарқындылығы электролиз процесінің ұзақтығына байланысты.

Осылайша, электролиз процесі суда графен оксидінің болуын дәлелдей алмайды.

Демек, таратылған ролик – фейк. Көрсетілген тәжірибелер құтыдағы суда графен оксидінің бар-жоғын дәлелдемейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button