Fake News

Фейк: «Әлемдік үкіметтің бірінші саммиті өтті»

Күллі әлем саяси аренадағы оқиғаларды бақылап отырғанда, әлеуметтік желілерде әлемдік үкіметтің құпия саммиті өткендігі туралы ақпарат тарады. Бұл өтірік және манипуляция.

Дәлел ретінде хабарлама авторы 29-30 наурызда өткен Дүниежүзілік үкімет саммиті туралы ақпаратты ұсынады. Бұл – 2013 жылдан бері өткен Саммиттің жеті отырысының бірі.

Шаралар барысында біртұтас әлемдік үкімет туралы айтылмайды. 2022 жылғы саммит барысында талқыланған барлық материалдарды шараның ресми порталынан табуға болады. Талқыланатын мәселелер қатарында атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту, энергетика саласында қаражатты үнемдеу, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала проблемалары және басқа да жаһандық тақырыптар бар.

Саммитке қатысушылар – түрлі тәуелсіз мемлекеттердің өкілдері, журналистер мен халықаралық ұйымдардың мүшелері. Олардың шараға қатысуы мемлекеттердің егемендігін жоюдың немесе әлемді басқаратын біртұтас ұйымның құрылуының белгісі емес.

Қорыта айтқанда, хабарлама авторы 2013 жылдан бері бар халықаралық тәуелсіз және коммерциялық емес ұйымның жыл сайынғы шарасын белгілі бір әлемдік үкіметтің алғашқы саммиті деп ұсынып отыр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button