Fake News
Фейк: «Қарағанды мәслихатының депутаты айына 850 мың теңгеге жүргізуші-күзетшілерді жалдайды»
Facebook әлеуметтік желісінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру жарияланды, онда «жоғары лауазымды тұлға, Қарағанды қаласы мәслихатының депутатына» жүргізуші-күзетшілер қажет деп жазылған. Жұмыс іздеушілерге 850 мың теңге жалақы төленеді екен. Бұл фейк.
Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов бұл хабарландырудың шындыққа жанаспайтынын айтты.
– Бұл фейк. Біз мұндай хабарландырулар берген жоқпыз», – деді ол.
Айта кетейік, жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген нөмір Желіде тіркелмеген, ол бойынша біреуге хабарласу мүмкін емес.