Фейк: «Жаппай вакцинация басталғаннан кейін науқастар саны күрт өсті»
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар қазіргі кезде COVID-19-ға қарсы вакциналарға жағымсыз реакциялардың саны күрт өсті, олар түсініксіз және көбінесе созылмалы аурулар түрінде байқалады деп жазуда. Бұл дәлелденбеген.
Жанама әсерлер санының өскені туралы хабарлама авторы канадалық Western Standard жаңалықтар порталына сүйенеді. MediaBias / FactCheck тәуелсіз жобасының мәліметтеріне сәйкес, бұл порталды сенімді ақпарат көзі деп санауға болмайды. Біріншіден, ресурс елде болып жатқан оқиғаларды біржақты көрсетеді, екіншіден, ол бірнеше рет жалған жаңалықтар жариялаған.
Демек, Western Standard жариялаған ақпараттың бәріне бірдей сенуге болмайды.
Канадалық медицина қызметкерлерінің вакцина салдырғаннан кейін жанама әсерлердің өскені туралы мәлімдегені туралы ақпараттың өзі объективті емес. Канадада дәрі-дәрмекке жағымсыз реакцияларды бақылаудың кең ауқымды және ашық жүйесі бар. Тіркелген жанама әсерлер санының өсуінің бар-жоғын анықтау үшін жүйенің мәліметтер базасын қарауға болады, ал медициналық қызметкерлер жағдайдың мән-жайын білмеуі де мүмкін.
Ресми деректер базасында көрсетілген ақпаратқа сүйенсек, Канадада вакцинаға жағымсыз реакциялардың өсуі байқалмаған. Осы жылдың 24 маусымында ел азаматтары COVID-19 қарсы вакцинаның 85 950 064 дозасын алды. Тіркелген жағымсыз реакциялардың жалпы саны 48 670 құрады. Бұл егілген дозалардың жалпы санының 0,057% құрайды.
Осы көрсеткіштің 38,792 жеңіл болған – қызудың көтерілуі, бұлшықет ауруы, инъекция орнындағы ауырсыну. Қалғандары ауыр блған. Олар алынған дозалардың жалпы санының 0,011% құрайды. Ауыр жанама әсерлерге анафилактикалық шок, миокардит және басқа құбылыстар жатады. COVID-19 қарсы вакцинаны алғаннан кейін емделмейтін созылмалы аурулардың дамуы туралы хабарланбаған.
Демек, ресми статистика Қазнет пайдаланушылары Western Standard порталына сүйене отырып, мәлім еткен ақпаратқа қайшы келеді. Бұл портал сенімсіз, яғни таратылған хабарлама дәлелсіз.