Fake News

Фейк: «Pfizer вакцинасын сынау кезінде вакцинацияланған адамдар тобында плацебо тобына қарағанда көп адам қайтыс болды»

Қазнет қолданушылары Pfizer-BioNTech өндірушісінің COVID-19 қарсы вакцинасын клиникалық сынақтан өткізу кезінде нақты дәрі қабылдаған еріктілер тобында плацебо алғандарға қарағанда көп адам қайтыс болды деп жазуда. Бұл өтірік.


Pfizer вакцинасын клиникалық зерттеу барысы туралы есеп 2020 жылғы 10 желтоқсанда жарияланды. 
Онда сынақ кезінде алты еріктінің қайтыс болғаны айтылған. Бұл ретте олардың төртеуі плацебо, ал екеуі нақты вакцина алған. Сонымен қатар, препаратты қабылдаған марқұмдардың екеуі 55 жастан асқан және ілеспе аурулары болған. Олардың бірі екінші дозамен егілгеннен кейін 62-ші күні көз жұмды. Өлімнің себебі жүрек ұстамасы болды. Мамандар бұл жағдайдың вакцинамен байланыс анықтаған жоқ. Екінші еріктінің өлімінің себебі сынақтарға қатысқанға дейін қойылған артериосклероз диагнозы болды. Ол вакцинаның бір дозасын ғана алған.
Сынаққа барлығы 43 448 адам қатысқан. Яғни, сынақ кезінде қайтыс болғандар саны 0,1% құрайды.
Бұл өлімнің ешқайсысы вакцинадан болмағандықтан, мамандар препаратты қауіпсіз және тиімді деп тапты.
Демек, вакциналарды сынау кезінде плацебо алған топқа қарағанда вакцинацияланған топта көп адам қайтыс болды деген ақпарат жалған. Вакцинацияланған еріктілер арасында ілеспе аурулары бар екі адам көз жұмды, олардың өліміне препарат себеп болған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button