Fake News

Қауіпсіздік мақсатында пластикалық көпіршіктерде отырған көрермендермен өтетін рок-концерт – манипуляция

Желіде The Flaming Lips тобының рок-концертінде түсірілген видео тарады, шара барысында музыканттар мен көрермендер жеке пластикалық көпіршіктерде болған. Пайдаланушылардың пайымдауынша, мұның бәрі «пандемия кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін» жасалған және бұл әрекетті адамдар «ақылсыздық хроникасы» деп атады. Шын мәнінде, әлеуметтік қашықтықты сақтау рок-топтың жалғыз және басты мақсаты емес еді. Stopfake.kz анықтағандай, музыканттар пандемияға дейін де көпшіліктің назарын аудару және пиар үшін осындай көпіршіктерді пайдаланған.

Желіде айтылып жүрген концерт 13 қазанда Оклахома Ситиде өткен. Оны өткізу үшін пластикалық шарлардың болуы міндетті талап болмаған. Мұндай ерекше идея топтың фронтмені Вейн Койнге тиесілі. Ол SARS-CoV-2 коронавиру штаммы адамдарға белгілі болғанға дейін де қойылымдарын осындай шарларда аяқтап, табынушыларының арасына шығып отырған.

Ал 2019 жылы COVID-19 пандемиясы жарияланғанға дейін ол үлкен пластикалық көпіршіктің ішінде үйленген.  Неке қию рәсімі толығымен шар ішінде өткен.

View this post on Instagram

Yesssss!!!! This past Saturday ( January 5 2019❤️❤️🔱🔱❤️❤️) Miss Katy @katyweaver and I were married in a glorious rooftop ceremony on the roof at @plentymercantile in downtown OKC!!! Sorry for not posting about it ( the wedding ) but we were very very busy getting it all together and visiting with Freinds and family that had come from far away.. so.. We ( Katy n Me with baby boy on the way !!) enter into this new year as a new family❤️❤️🔱🔱❤️❤️!!! @stevendrozd @derek_levi_brown @scott_booker @mtekbot @rockworth @nicholas_ley @newfumes @neuhauspress @spacefacemusic @sachismo @dr.stevegoldberg @mugglinstagram @tannermariehull @alitrav @mileycyrus @ladymarchio_hair #flaminglips #waynecoyne #theflaminglips #flaminglipsfam #flamingliosfamily #ihavethegreatestlifethatcaneverbelivedandiamtheluckiesthumantoeverbeonearthmyfamilyisfirstmymusicissecondiamthird

A post shared by Wayne Coyne (@waynecoyne5) on

Осындай таңқаларлық нәрселерге деген сүйіспеншілігінің әсерінен ол тәжірибе өткізбек болып, көрермендерден залда көпіршіктердің ішінде отыруын сұраған. Осы қойылым кезінде түсірілген кадрлар кейіннен топтың жаңа әндерінің біріне арналған бейнебаянда қолданылады.

Айта кетейік, топ жанкүйерлері мұндай идеяны қуана қабылдап, қолдады. Көбі әлеуметтік желілерде музыканттарға денсаулығына қамқорлық жасағаны және керемет ұйымдастырылған кеш үшін алғыстарын айтып жатты.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button