Фейк: «Саяси оқиғалар арқылы адамдардың назарын жастар арасындағы өлім-жітімнің жоғары деңгейіне аудартпайды»
Қазнетте таралған видеода бір әйел қазіргі кезде болып жатқан саяси оқиғалар адамдардың назарын жастар арасындағы өлім-жітімнің көптігіне аудартпау үшін жасалып отыр деп мәлімдеді. Бұл жалған.
Роликтің кейіпкері, Эстонияда жас ерлер арасында түсініксіз өлім жағдайлары жиілегенін де айтады. Алайда, ол өз сөзін ешқандай көрсеткіштермен немесе дәлелдермен растамайды.
Ал Эстониядағы өлім-жітімнің ашық статистикасы бұл тұжырымды жоққа шығарады. Деректерге сәйкес, қазіргі уақытта елдегі өлім-жітім статистикасы 1000 адамға шаққанда 12,052 құрайды. Салыстыру үшін, 90-шы жылдары Эстонияда бұл көрсеткіш 13,907-ге тең болды. Яғни, өлім-жітімнің рекордтық өсімі орын алды деп айта алмаймыз, сеебі бұл дұрыс болмайды.
Эстония Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында елде жас ер адамдардың жаппай өлімі туралы ақпарат жоқ. Эстондық БАҚ-та да мұндай ескертулер де жоқ.
BBC-дің биыл наурыз айында жарияланған ақпаратына сәйкес, COVID-19 қарсы вакциналар жастар арасында өлімнің өсуіне әкелмеген. Бұл ауқымды ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен расталады. Ғылыми еңбектің толық мәтіні баршаға қол жетімді және онымен кез келген адам таныса алады.
Жаппай вакцинация әлемде 2020 жылдың желтоқсанында басталды. Яғни, бір жарым жыл уақыт өтті. Сонымен қатар вакцинация нәтижесінде жанама әсерлер болса, алғашқы бірнеше күнде немесе аптада байқалатыны ғылыми дәлелденген. Яғни, вакцинациядан кейін бір жарым жыл өткен соң туындаған аурулар онымен байланысты емес.
Әскери іс-қимыл вакцинация нәтижесінде болмаған өлім-жітімнің өсуінен назар аударту үшін жасалып отыр деген пікір негізсіз және қисынсыз. Мұндай теориялар вакцинацияға қарсы адамдардың қазіргі оқиғаларды өз идеяларын алға жылжыту үшін қолдану әрекеті болып табылады.