Фейк: «АҚШ-та медицина қызметкерлеріне БАҚ алдында екпе жасағандай болды»
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар АҚШ-та Техас штатының Эль Пасо қаласында медицина қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау барысы түсірілген бейнероликпен бөлісуде. Пайдаланушылардың айтуынша, олардың біріне екпе шын егілмеген – шприц бос болды, ал клапан мүлдем басылмаған. Олардың пікірінше, вакцинация науқаны тек камера алдында ғана көрсетілетін қойылым екенін дәлелдейді.
Шындығында, видеоға түсірілген вакцинациялау кезінде бес медицина қызметкері екпе жасатты. Кадрлардан екпе жасау барысы анық көрінеді. Бір ғана медицина қызметкерінің видеоға түсірілуі бақылаушылардың күмәнін тудырған. Видеоның дәл осы бөлігі әлеуметтік желілерде таратылуда.
Кадрларда шприцтің поршені басылған сәттің неге көрінбейтіні белгісіз. Алайда, медицина қызметкерлерін вакцинациялау науқанының шын жүргізілгеніне күмәнді жою үшін, науқан ұйымдастырылған Эль Пасо университетінің медицина орталығының әкімшілігі қызметкер қайта егілді деп мәлімдеді.
“Әлеуметтік желілерде тараған бес медицина қызметкерінің біреуі вакцинаның толық дозасын алмағаны туралы бірнеше хабарламадан кейін күмәнді жойып, вакцинация науқанына деген сенімділікті арттырғымыз келеді”, – деді олар.
Сондай-ақ, олардың хабарлауынша, қайта екпе алған пациентте жанама әсерлер болмайды. Эль Пасо дәрігерлері препараттың соңғы дозасын үш аптадан кейін алады.
АҚШ – та егу науқаны жүзеге асырылғандай болды деген мәлімдемелер фейк, ол видеороликтен алынған үзіндіге негізделген.