Фейк: «Pfizer вакцинасының бағасы – 50 000 теңге»
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Pfizer/BioNTech өндірген вакцинамен егілуге ниет білдірген қазақстандықтар үшін оның бағасы 50 000 теңгені құрайтыны туралы ақпарат таратуда. Бұл жалған.
Хабарлама авторы вакцинаның бағасын № 4 Алматы қалалық емханадан білген екен. Алайда емхананың өзінде бұл ақпаратты жалған деп атады.
– Бүгінгі таңда 4 қалалық емханада Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу жүргізілуде. Вакцинаның құны әлі белгісіз. №4 қалалық емхана дәрігерлеріне вакцинация құны туралы нұсқаулар берілген жоқ, – деп хабарлады мекемедегілер.
Сондай-ақ, олар 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer/BioNTech препаратымен тегін егіле алатындығын еске салды.
Демек, 50 000 теңге тұратын вакцинаның құны туралы ақпарат – фейк. Бүгінгі таңда оның вағасы әлі жарияланған жоқ.