Fake News

ҚР БҒМ мектептерде биометриялық деректерді заңсыз жинау туралы қауесетті жоққа шығарды

Мектептерде балалардың ата-аналарының келісімінсіз биометриялық деректерді жинау және оқушыларды белгісіз бағытта алып кету жағдайлары туралы хабарлама қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде ата-аналарға балаларды педагогтардан жасырынуға үйретуге кеңес берілуде. Өйткені мектептерде жасырын түрде балалардың биометриялық мәліметтері алынады және оларды кез келген уақытта сабақтан белгісіз бағытта алып кетуі мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

– Балаға қатысты барлық іс-әрекеттер ата-аналармен келісілуі керек. Бұл ретте сабақ кезінде қандай да бір іс-шаралар өткізуге жол берілмейді. Биометриялық деректерге келсек, бұл жеке мәліметтер болып табылады. Педагогтарға оларды жинаудың қажеті жоқ, – деп хабарлады ҚР БҒМ.

Қазақстанда көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button