Фейк: «Желіде танымал адамдарға ұқсас адамдар барын дәлелдейтін видео тарады»
Қазақстандықтар Telegram-чаттарда Хайди Клумның топ-моделіне ұқсас гримді сүртіп жатқан қыздың видеосы тарады. Роликте бұл барлық танымал саясаткерлер мен атақты адамдардың осындай грим жаққан ұқсас адамдары барын дәлелдейді деп жазылған. Бұл жалған.
Шын мәнінде, бұл видео 2016 жылы, Хэллоуин кешінен кейін түсірілген.
Ол күні Хайди Клум көпшілік алдына бес «клонмен» бірге шыққан. Қыздардың барлығы бірдей киініп, екі тамшы судай бір-біріне ұқсас болған.
Күрделі грим мен резеңкеленген уретаннан арнайы жасалған жапсырмалардың арқасында қыздар Хайди Клумға ұқсай алды. Қыздарды «клонға» айналдыру үшін әрқайсысына орта есеппен екі сағат жұмсалды.
Бұл жұмыстың авторы Prosthetic Renaissance компаниясының негізін қалаушы Майк Марино. Оның бұлай жасаған басқа да костюмдері бар. Мысалы, 2013 жылы суретші оны 93 жастағы әйелге айналдырып, модельдің сыртқы келбетін танымастай етіп өзгерткен, 2015 жылы – « Роджер қоянына кім опасыздық жасады?» анимациялық фильмінің кейіпкеріне, 2018 жылы – «Шрек» мультфильмінен Фионаға ұқсатып бояған. 2019 жылы Хайди Клум өзге ғаламшардан келген гротеск әйел бейнесінде болды.
Әр жолы костюмдермен жұмысқа көп уақыт жұмсалып, өте қымбат болды. Желіден өзге ғаламшарлық құбыжықтың костюміне және қарт әйелдің гримін жағу барысы түсірілген видеоны көре аласыздар. Онда грим жаққаннан кейін сөйлеу немесе эмоцияларын білдіру ыңғайсыз болғандықтан модельдің мимикасы өзгеретінін байқауға болады.
Бұл «клондармен» түсірілген видеода да көрінеді. Уретан жапсырмалардың көп болуынан қыздардың мимикасы өзгермейді, олар қатты күле алмайды және сөйлеген кезде ерні қозғалмайды.
Мұның бәрі, біріншіден, адамды өзіңе ұқасату өте қиын екенін дәлелдейді, екіншіден, қабаттап грим жаққан адамды сөйлегенде немесе күлгенде бірден байқауға болады.
Демек, Қазнетте талқыланып жатқан ролик барлық саясаткерлер мен атақты тұлғалар адамдарды өздеріне ұқсату үшін осындай қадамдарға барады немесе ондай адамдары бар екенін дәлелдемейді.