Фейк: «CDC ПТР тесттер сенімсіз болуына байланысты оларды қолдануды тоқтатты»
Мессенджерлерде АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) COVID-19 анықтайтын ПТР-тестілеуді тоқтатады, өйткені мұндай талдау әдісі сенімсіз. Бұл ресми деректерді дұрыс түсіндірмеуден шыққан ескі фейк.
Құжат осы жылдың 21 шілдесінде CDC ресми сайтында жарияланды. Онда ПТР тестілеуді толығымен алып тастау туралы айтылмайды. Құжатта пандемия басталғанда әзірленген 2019-nCoV RT-PCR сынақтарын қолданудан бас тартып, ПТР әдісін қолданатын басқа да заманауи тест жүйелеріне көшу ұсынылады.
Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми өкілі Жасмин Рид Reuters басылымына COVID-19 анықтайтын ПТР талдауларын толығымен тоқтату туралы әңгіме болмағанын жеткізді.
– «2019 жылғы жаңа коронавирусқа арналған нақты уақыттағы RT-PCR диагностикалық панелі (2019 ncov) маңызды қажеттілікті қанағаттандырды және өнімділікпен ешқандай мәселелер тудырған жоқ. <…> Өткізу қабілеті жоғары мультикомплексті басқа тесттердің пайда болуымен бұрынғы тестке деген сұраныс төмендеді», – деді ол.
Health Feedback және ABC басылымдары да CDC ПТР-ды толығымен тоқтату туралы мәлімдеме жасамағанын, тек қазіргі заманғы мультикомплексті тест-жүйелерін қолдануды ғана ұсынғанын хабарлады.
Демек, COVID-19 анықтайтын ПТР талдауларын тоқтату туралы хабарлама бірнеше ай бұрын теріске шығарылған фейк болып табылады.