Fake News

Фейк: «КВИ қарсы вакцинаның бустерлік дозасы АИТВ тудырады»

Танымал Telegram-чаттардың бірінде қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы вакцинаның үшінші, бустерлік дозасын алғаннан кейін АИТВ жұқтыру ықтималдығын талқылауда. Бұған дәлел ретінде олар Reddit платформасында жасалған скриншоттар және ханзада Гарридің әр адам өзінің АИТВ мәртебесін білуі керек деген мәлімдемесін алға тартуда. Бұл вакцинацияның қауіптілігін дәлелдемейді, неге екенін түсіндірейік.


Айта кетейік, COVID-19 қарсы вакциналардың АИТВ тудыратыны туралы теориялар бұған дейін бірнеше рет теріске шығарылған. Иммундау препараттарында адамның иммун тапшылығы вирусы бар екендігіне немесе оның адамның осы патогенге сезімталдығын арттыратынына ешқандай дәлел жоқ.
Reuters ақпарат агенттігі де COVID-19 қарсы вакцинация мен АИТВ арасындағы байланысты жоққа шығаратын әртүрлі ғалымдардың пікірлерін келтіреді.
Ханзада Гарридің әр адам өзінің АИТВ мәртебесін білуі керек деген сөзі вакцинациямен немесе COVID-19 пандемиясымен байланысты емес. Бұл туралы ол Tackle HIV подкастында айтқан. Ханзада анасы Диана ханшайымның АИТВ оң нәтижесі бар адамдардың стигматизациясын жою жөніндегі жұмысын жалғастырғысы келетіндіктен АИТВ-мен күрес тақырыбына арналған осы және басқа да іс-шараларға қатысқанын жеткізді.
Reddit платформасында шыққан ер адамның вакцинаның бустерлік дозасын алғаннан кейін АИТВ жұқтырғаны туралы постқа келетін болсақ, оны сенімді ақпарат көзі деп санауға болмайды, өйткені онда медициналық мәліметтер жеткіліксіз. Осыған байланысты АИТВ-ны нақты вакцинадан жұқтырды деп айту мүмкін емес. АИТВ-ны тек жыныстық жолмен ғана емес, сондай-ақ қан арқылы, жалпы шприцтерді қолдану, қан құю және ағзаларды трансплантациялау арқылы да жұқтыруға болады. 
Сонымен қатар, АИТВ-ға тапсырылған тест бірден емес, 1,5-3 ай өткен соң ғана оң нәтиже көрсетеді.
Осылайша, COVID-19 қарсы вакцинаның бустерлік дозасын алу АИТВ-ны жұқтыруға әкеледі деген ақпарат дәлелсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button