Fake News

Манипуляция: «Чилиде мутанттардың құқықтарын қорғау туралы заң қабылданды»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Чилиде мутанттар мен генетикалық модификацияланған адамдардың құқықтарын қорғайтын заң қабылданғаны туралы жазуда. Кейбіреулер мұндай шара COVID-19 қарсы вакциналар адамның ДНҚ-н өзгертетінін дәлелдейді деп санайды. Бұл жалған.


Шын мәнінде, Чилиде қабылданған заңда мутанттар туралы да, белгілі бір манипуляциялар нәтижесінде геномы өзгертілген адамдар туралы да айтылмаған. Онда жұмыс берушілердің болашақта аурудың немесе физикалық немесе психикалық ауытқулардың дамуына әкелуі мүмкін геномдағы өзгерістерді анықтау үшін қызметкерлерден генетикалық тест тапсыруды талап етуге құқығы жоқ делінген.
Яғни, Чилиде қабылданған заң компаниялардың иелеріне өздеріне бағынышты адамдардан онкологияға, жүректің ишемиялық ауруына, қант диабетіне, Альцгеймер ауруына және даму ықтималдығы генетикаға байланысты болуы мүмкін басқа ауруларға бейімділікке тексеруге мүмкіндік бермейді.

COVID-19 қарсы вакциналар ДНҚ-ны өзгерте алады деген теорияны біз бірнеше рет жоққа шығарған болатынбыз.

 

Фейк: «Спутник – V» вакцинасының ДНҚ өзгертетініне дәлелдер табылды»

 

Бүгінгі күні КВИ-ге қарсы әлем халқының 63.1% егілгені де бұл пікірді терістейді. Вакцина алғаннан кейін кемінде бір адамның ДНҚ-ы өзгергені туралы хабарламалар болған жоқ.
Демек, Чилиде мутанттар құқығы қорғалатыны туралы ақпарат – манипуляция. Іс жүзінде қабылданған заң жұмыс берушілерге белгілі бір ауруларға бейімділігі негізінде адамдарды кемсітуге тыйым салады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button