Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдардың қанын ішкен сүліктер өледі»

Telegram мессенджерінде гирудотерапевтің сөзі таратылуда, ол COVID-19-ға қарсы егілген адамдарға қолданған сүліктер үш күннің ішінде қайтыс болатынын мәлімдеді. Ал вакцинацияланбаған адамдардың қанымен қоректенетін сүліктер әлдеқайда ұзақ өмір сүреді екен. Бұл мәлімдеме ештеңенің дәлелі және неге COVID-19 қарсы вакцинациясының қауіпті екендігіне аргумент бола алмайтындығын түсіндіріп өтейік.


Гирудотерапия – бұл медициналық сүліктермен емдеу. Мұндай терапия кейбір қан ауруларын, ісінуді және басқа да белгілерді жеңілдету үшін тағайындалады. Мұндай емдеу әдісінің бірқатар артықшылықтары бар екеніне қарамастан, оның қауіпті жақтары да бар. Мысалы, медицинада гирудотерапия сеанстарынан кейін қызыл жалпақ теміреткі, гемартроз, Кунис синдромы және т.б. аурулары дамыған жағдайлардың боғланы белгілі.
Гирудотерапевтің медициналық сүліктер ғасырлар бойы өмір сүре алады деген сөздері өтірік. Сүліктер – бұл өмір сүру ұзақтығы өте шектеулі сақина тәрізді құрттар. Мысалы, қолмен өсірілген медициналық сүліктер алты айдан артық тұрмайды.
Бұл ретте мамандар оларды қайта пайдаланбауға кеңес береді. Жұмыс істеп жүрген гирудотерапевтер сүліктерді қолданғаннан кейін жоюды дұрыс деп санайды.
Сондай-ақ, видеода сөз сөйлеп тұрған гирудотерапевт вакцинацияланған адамдардың қанын сорғаннан кейін өлгеніне ешқандай дәлел келтірмейтінін атап өткен жөн.
Әлемдегі ғалымдар COVID-19 қарсы вакцина алған адамдардың қанын бірнеше рет зерттеді және ондағы қауіпті өзгерістер мен ауытқуларды байқамады. Демек, вакцинацияланған адамдардың қаны улы болуы мүмкін деген болжам негізсіз. 
Яғни, таратылған ролик COVID-19 қарсы вакциналардың қауіпті екендігі туралы теорияның дәлелі және адам қанының құрамына теріс әсер етеді деп санауға негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button