Алаяқтар Telegram-да фейк акциялар өткізуде
Онлайн алаяқтар атауында Kaspi24 сөзі қолданылған Telegram-ботты жарнамалауда. Оған қосылған үшін 1000 теңге ұсынылады, сондай-ақ ботты пайдалана отырып, оңай және тез ақша табуға болатындығы айтылған. Шындығында, бұл алаяқтық.
«Kaspi.kz конкурстар, ұтыс ойындарын немесе сауалнамалар өткізбейді. Егер басқа парақшадан осы жайлы хабарлама немесе пост көрсеңіздер, сенбеңіздер, бұл өтірік! Біз акциялар туралы Kaspi.kz ресми аккаунтында жариялаймыз. Ол верификацияланған және атауымыздың жанында көк белгі бар. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін күмәнді шараларға қатыспаңыздар. Kaspi қызметкерлері карта деректерін, SMS-код немесе құпия сөздерді сұрамайды. Егер біреу сіздерден осы ақпаратты талап етсе – бізге жазыңыздар. Біз шаралар қабылдаймыз», – деп хабарлады Kaspi.kz PR-қызметінен.