Fake News

Дәлелсіз: «Юпитерге өзгеғаламшарлықтардың кемелері қонды»

Қазнет қолданушылары Юпитерге өзгеғаламшарлықтардың кемелер флоты келгенін хабарлады. Бұл туралы бірінші болып құпия құжаттарға сүйене отырып, Майкл Салла мәлімдеді. Бұл жалған.

Майкл Салла – жерден тыс өркениеттер туралы теорияны жақтаушы және басқа галактикалардан келгендер мен адамдар арасындағы саяси қатынастарға мамандандырылған экзосаясат псевдоғылымының негізін қалаушы. Ол осы тақырыпқа арналған бірнеше кітаптың авторы. Оның өзгеғаламшарлықтар флоты туралы мәлімдегені таңқаларлық жайт емес. Оның айтуынша, ол жерге адамдар ұшып шыққан. Сонымен қатар Салла флот Юпитердің спутниктерінің бірі – Ганимеге қонды және онда әртүрлі галактикалар өкілдерінің кездесуі өтеді деп айтады. 

Шын мәнінде, бұл теория жалған. Біріншіден, Жерден жіберілген бірде-бір ғарыш кемесі Юпитерге жете алмады. «Галилео» ұшқышсыз ұшатын аппарат тарихта бірінші болып Юпитерге 1995 жылы желтоқсанда қонды. Алып ғаламшарға жету үшін алты жыл уақыт қажет болды.  Бүгінгі таңда адамдарды Юпитерге жеткізе алатын басқарылатын кемелер жоқ.

Екіншіден, Юпитердің спутнигінде орналасқан өзгеғаламшарлық флот туралы жаңалық желіде 2021 жылдың 1 қарашасында шықты. Яғни, галактикааралық кездесуге барған бірнеше жетекші саясаткер кем дегенде он ай бойы болмауы керек. Алайда, саяси элиталар арасында кенеттен жоғалып кету жағдайлары байқалмады.

Үшіншіден, Жерге жақын орналасқан ғарыш кемелерінің үлкен флотын жасыру өте қиын екенін ұмытпаған жөн. Юпитер мен оның спутниктері телескоппен жақсы көрінеді, онымен астрономия әуесқойлары айналысады. Желіде алып планетаны қалай және қашан суретке түсірген дұрыс және оны аспаннан қалай тез табуға болатындығы туралы видеолар мен мәтіндік сипаттамалар көп.

Яғни, флот Юпитердің жанында орналасқан он айдың ішінде оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі әуесқой астрономдар байқаған болар еді. Бірақ олай болмаған.

Демек, Күн жүйесінде өзгеғаламшарлықтардың флотының орналасқандығына ешқандай дәлел жоқ. Демек, таратылған ақпарат дәлелсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button