Fake News

Онлайн-алаяқтар қазақстандықтарды ірі жанармай құю станциясы желісі атынан алдауда

Қазнетте алаяқтар қайта жанданды. Бұл жолы олар пайдаланушыларға Helios жанармай құю станциясы желісі аынан сәттілік тілеп, ақшалай сыйлықтар ұтып алуды ұсынуда. Мұндай акцияларға қатысу қауіпті.


What ‘sApp мессенджерінде порталында сауалнамадан өтуге шақыру таратылуда. Ақшалай сыйлық алу үшін қысқаша сауалнамадан өту керек, содан кейін электрондық пошта мекен жайын енгізіп, шақыруды 20 адамға және 5 түрлі чатқа жіберу керек. Шын мәнінде Helios компаниясының ұтысқа ешқандай қатысы жоқ.
– Бұл ақпараттың жалған екенін хабарлаймыз! Helios-тың бұл акцияға және интернет-порталға қатысы жоқ. Барлық өзекті акциялар www.helios.kz ресми сайтында және @helios_kz instagram-парақшасында жарияланады. Бұл сауалнамаға қатыспауға, деректеріңізді көрсетпеуге шақырамыз, сондай-ақ бұл жалған акция туралы ақпаратты достарыңызға және туыстарыңызға таратпауларыңызды сұраймыз, – делінген жанармай құю станциясы желісінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

 

View this post on Instagram

 

Публикация от HELIOS (@helios_kz)

Сауалнамадан өткен үшін бағалы сыйлықтар мен сыйлықтар ұсына отырып, алаяқтар пайдаланушылардың жеке ақпаратына қолжеткізеді: төлем деректері, жеке шоттардың логиндері мен парольдері және т.б..
Мұндай «ұтыс ойындары» Желіде көп кездеседі. Бұған дейін онлайн-алаяқтар қазақстандықтарды ірі брендтер мен сауда маркаларының атауларын пайдаланып алдауға тырысқан.
Интернеттегі алаяқтық және оның құрбаны болмау туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар:

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button