Fake News

Фейк: «Желіде АИТВ, Эбола және Sars сияқты бірқатар вирустардың патенттері табылды»

Қазнет пайдаланушылары желіде АИТВ, Эбола, доңыз тұмауы және Sars сияқты түрлі вирустардың патенттері табылғаны туралы хабарламамен бөлісуде. Жарияланым авторының айтуынша, бұл олардың қолдан жасалғандығының тікелей дәлелі, өйткені табиғи нәрселер патенттелмейді.


«Вирустардың патенттерінің» тізімі Интернеттің ағылшын тілді сегментінде 2020 жылдың қазан айында тараған. Сол кезде тәуелсіз фактчекерлер оның әр тармағын жоққа шығарған болатын.
«СПИД патенті» – US-Patent 5676977, іс жүзінде СПИД-ті емдеуге арналған диамагниттік жартылай өткізгіш молекулалық кристалдық тетразиликс тетроксиді, Ag 2 O 2 қолдануға берілген патент болып табылады. Әзірлеушілер бұл әдіс тиімді болады деп үміттенді, бірақ сынақтар қанағаттанарлықсыз нәтижелер көрсетті. Патент 1997 жылы тіркелген. Оның қолдану мерзімі аяқталған.
«H1N1 патенті» (доңыз тұмауы) – US-Patent 8835624 – бұл белгілі бір аптамерге (басқа мақсатты молекулалармен ерекше байланысатын молекула) берілген патент. Ғалымдар осы аптамердің көмегімен H1N1 вирусын тиімді анықтай алатынына үміттенді.
«Эбола патенті» – US-Patent 20120251502. Бұл Угандада оқшауланған Эбола вирусының жаңа штаммы туралы. Содан кейін ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы «диагностикалық құралдарды, вакциналарды коммерцияландыру және антиденелер / антигендерді тестілеу үшін вирус штаммын пайдалану құқығын беремін және оларды пациенттер, дәрігерлер мен зерттеушілер үшін тезірек және қол жетімді етемін» деп мәлімдеп, патент алуға өтініш берді. Патенттеудің тағы бір себебі – басқа субъектінің ұқсас салада патент алмайтындығына кепілдік беру және өнертабысты тиімді пайдалануды шектеу. Қазір патент жарамсыз.
«Доңыз тұмауының патенті» – US-Patent CA2741523 A1, тұмаудың бұл штаммына еш қатысы жоқ. Ол ЕboBun штаммына жатады. Бұл патент әлі де қарастырылып жатыр.
«Сиырдың құтырма ауруына патенті» – US-Patent 0070031450 A1. Мұндай нөмірі бар патент мүлдем жоқ.
«Зика безгегінің патенті» – ATTC VR-84 Rockefeller Foundation. Бұл жерде автор қателескен болар. Ол ATCC – American Type Culture Collection (Америкалық типтік дақылдар жиынтығы) деп айтпақ болған шығар. Бұл ғылыми зерттеулерге арналған коммерциялық емес жасуша желілері, микроорганизмдер және басқа материалдар қоймасы. АТСС сайтында Зика безгегінің қоздырғышы болып табылатын VR-84 штаммы көрсетілген. Алайда, бұл факт ұйымның вирустың осы штаммына патенті бар деген сөз емес. Рокфеллер қорының өкілдері де Зика безгегінің қоздырғышына патент иелену туралы барлық қауесеттерді ресми түрде жоққа шығарды. 
«Sars патенттері» – US-Patent 7897744 және 8506968. Бірінші патент Канаданың Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігіне тиесілі және SARS вирусының өзіне емес, тек оның геномдық тізбегін шешуге ғана қатысты. Құжат өтініш берушіде вирус бар екенінің белгісі емес. Сонымен қатар, патент ұсынылған ақпарат осы штамм туындаған ауруларды емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін екенін білдіреді.

Екінші патент SARS вирусының гендік модификацияланған бөлшектеріне негізделген вакцина жасауды сипаттайды.
Бұған дейін Билл Гейтстің 2017 жылдан бастап COVID-19 вакцинасына патенті бар деген мифті жоққа шығарған болатынбыз. 
Қорыта айтқанда, аталған патенттердің ешқайсысы іс жүзінде вирустың патенті болып табылмайды және аталған аурулардың қолдан жасалғандығын дәлелдемейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button