Кибералаяқтар «ҚазМұнайГаз» атынан ақшалай сыйлықтар табыстаймыз деп алдауда
Қазнетте алаяқтар тағы да әрекет етуде. Бұл жолы олар пайдаланушыларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы атынан сауалнамадан өтіп, 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алуды ұсынады. Алайда компанияда қазіргі уақытта ақшалай сыйлықтармен сауалнамалар мен ұтыс ойындары өткізіліп жатпағанын хабарлады.
– Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде науқан туралы жалған ақпарат таратылуда. Біз сауалнама өткізу арқылы ешқандай акция және ақша ұтысын ұйымдастырып жатқан жоқпыз. Баршаңызды сақ болуға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырамыз, – деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі.
Интернет-алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Оның мәні – пайдаланушылардың жеке ақпаратын, олардың карталарының төлем деректерін, логиндерді, парольдерді және т.б. иемдену.
Бұған дейін біз ірі компаниялардың атынан қазақстандықтарды алдаған алаяқтар жайлы жазған болатынбыз.
Фишинг деген не және алаяқтардың қармағына түспеу жолдары туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар:
Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті