Қазақстанда жаңа қаржы пирамидасы анықталды
Қазнетте жаңа қаржы пирамидасы туралы ақпарат тарады. Пайдаланушыларға 50 мың теңге салып, жақын арада 500 мың теңге алу ұсынылады. Хабарлама авторлары балалары бар адамдарға 100 мың теңге бонус береді.
Қазақстанда осы жылдың басында 4 қаржы пирамидасы тіркелген болатын. Өткен жылы олардың саны 23 құраған.
Сондай-ақ, осы жылдың басында адамдарға 300 мың теңгеден артық ақша салып, қомақты пайда табуды ұсынған GOLD компаниясының басшысы ұсталды. Компания салымшыларының саны 10-15 мыңға жеткен. Ең жоғары салымның мөлшері – 7 млн теңге.
Қаржы пирамидаларының барлығы салымшылардың қаражатын қайта үлестіру қағидатымен жұмыс істейді. Осылайша, бірінші болып инвестиция салғандар жоғары пайызбен пайда табады, ал кейін ақша салғандар ештеңе ала алмайды.
Түрлі қаржы пирамидалары салымшыларының сәтсіз тәжірибесіне қарамастан, алаяқтарға сенетіндер табылады.
Бұл жаңа схема емес, оны 1717 жылы қаржыгер Джон Ло жасаған. 1919 жылы Чарльз понзи (Понти) өзін-өзі байыту үшін ұқсас схеманы қолданған. 1993 жылы Сергей Мавроди посткеңестік кеңістіктегі ең танымал қаржы пирамидаларының бірі «МММ» құрған. Сол кезде түрлі есептеулер бойынша 10-15 млн салымшы зардап шеккен.
1996-1997 жылдары қаржы пирамидасы бүкіл Албания үкіметінің отставкаға кетуіне және бірнеше қарапайым азаматтың өліміне себеп болған. Сол кезде бірнеше қаржылық пирамида екі миллиард долларға жуық қаржы тартқан, бұл елдің ЖІӨ-нің шамамен 30%- ын құрады. Олар күйрегеннен кейін тәртіпсіздіктер басталып, көшеге шыққан халықты тарату үшін билік әскер тартуға мәжбүр болған.
StopFake.kz күмәнді акцияларға қатыспауға және қаржы пирамидаларына ақша салмауға шақырады.