Fake News

Қазақстанда интернет-алаяқтар тағы да әрекет етуде

WhatsApp мессенджерінде «Рахат» кондитерлік фабрикасы мен IKEA компаниясының атынан ойнатылатын ұтысқа сілтемелер таратылуда. Екі ұйым да мерейтойларын атап өтіп, қазақстандықтар арасында бағалы сыйлықтар ойнатуда. Бұл – фейктер.

Шын мәнінде, мұндай ұтыс ойындарын танымал брендтер емес, интернет-алаяқтар өткізуде.
– Мессенджерлерде «Лотте-Рахат» АҚ компаниясынан ақша қаражатының жалған ұтысына сілтеме белсенді таралуда. «Лотте-Рахат» АҚ-ның бұл оқиғаларға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Мұндай сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз, өйткені бұл – жеке деректеріңізді ұрлайтын алаяқтар. Сақ болыңыздар! – делінген «Лотте-Рахат» АҚ-ның Instagram-дағы ресми парақшасында. 
IKEA компаниясының атынан өткізілетін жүлделер ұтысына сілтеме де фишингтік болып табылады. Оны сілтеменің қорғалмаған сайтқа апаратынынан білуге болады. Сонымен қатар, сілтеме жазбасында компания өзінің 80 жылдық мерейтойына орай шара ұйымдастыратыны айтылған, бірақ IKEA 1943 жылы құрылған, сәйкесінше ол 80 жылдығын тек 2023 жылы ғана атап өтеді.
Компанияның ресми сайтында да, әлеуметтік желілерде де ұтыс ойыны туралы ақпарат жоқ.

Мұндай хабарламалар фишинг құралы болып табылады, бұл дербес деректерді, төлем карталары, логиндер, парольдер туралы ақпаратты және өзге де деректерді иемденуге бағытталған интернет-алаяқтықтың түрі. Фишинг дегеніміз не және оның құрбаны болмау туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button