Фейк аккаунттар

Алаяқтар Қазақстандағы ірі супермаркеттер желісі атынан «ұтыс ойындарын» өткізуде

What’sApp мессенджерінде алаяқтар тағы да жанданды. Бұл жолы олар Magnum супермаркеттер желісі атынан ақшалай сыйлықтар ұтысын өткізіп, компанияның 10 жылдық мерейтойы атап өтілетінін хабарлады. Бұл алдау әрекеті.


Шын мәнінде, компанияның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында мұндай ұтыс ойындары туралы ақпарат жоқ.
Magnum Instagram-аккаунтында ескерту жарияланды.
– Алаяқтардан сақ болыңыз! Біз конкурстарды тек ресми сайтымызда ғана өткіземіз. Сақ болыңыз! – делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Magnum Cash&Carry (@magnum.kz)

Айта кетейік, биыл Magnum компаниясы Қазақстанда, алаяқтар хабарлағандай 10-шы емес, 14-ші туған күнін атап өтеді.
Бұған дейін де танымал брендтің атын жамылып, қазақстандықтарды алдау әрекеттері болған.

Алаяқтар бағалы сыйлықтар мен ақшалай ұтыс өткізбек болады, ал іс жүзінде пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлайды. Фишингтік сайтқа өткен кезде қаскүнемдер банк карталарының деректері, жеке аккаунттардың логиндері мен парольдері және өзге де жеке ақпаратты иеленуі мүмкін. Фишинг деген не және алаяқтардың құрбаны болмау туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз:

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button