Fake News

Алаяқтар әлеуметтік желі пайдаланушыларын «Бәйтерек» холдингі атынан алдауда

Алаяқтар әлеуметтік желі пайдаланушыларын «Бәйтерек» холдингі атынан алдауда
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға жаңа мемлекеттік цифрлық жоба арқылы табыс табу ұсынылатын посттар жариялануда. Бұл фейк. Посттардың авторлары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан әлеуметтік желілерде логотип пен басқа да белгі-нышандарды пайдаланған. Холдинг бұл ақпаратты ресми түрде теріске шығарды.

«Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жалған посттарда сілтеме жасалған «Мемлекеттік цифрлық платформаға» және «Бәйтерек Инвест платформасына» «Бәйтерек» холдингінің ешқандай қатысы жоқ», – делінген «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, барлық шынайы нақты ақпарат Холдингтің ресми парақшаларында жарияланады:

Instagram;

Facebook;

YouTube;

Twitter;

Telegram.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі алаяқтардың арандатуына бой алдырмауға шақырады. Сонымен қатар, пайдаланушылардан Холдингтің ресми парақшалары арқылы алаяқтардың посттары туралы хабарлауды сұрады.

Тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіздер.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button