Жаңалықтар

Фейк: «Адамдарды улау үшін азық-түлікке у себеді»

Қазақстандықтар азық-түліктің қауіпті химикаттармен өңделетіні туралы қауесет таратуда. Бұған «растау» ретінде қорғаныс костюмін киген адамдардың балық салынған қаптарды өңдеп жатқаны көрсетілген видео ұсынылуда. Бұл жағдайға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді.

&

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Народный Дозор. Петропавловск. (@volnyi.dozor)

Қазнетте талқыланып жатқан видео Ресейде түсірілген. Оны кадрға түсіп қалған кемеде желбіреп тұрған Ресей Федерациясының Туынан түсінуге болады. Роликтің Қазақстанда түсірілмегенін әлеуметтік желілердегі пікірлер де қуаттап отыр.

Айта кетейік, бейнеде өңдеу сәті көрсетілмеген, сондықтан видео кейіпкерлерінің не және қалай сепкенін айту мүмкін емес.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде түсіндіргендей, біздің елімізде азық-түлікке химиялық заттар себілмейді.

– Мысалы, бізде базарларда ет сатылатын ет сертификаттаудан өтеді. Базарларда өнімнің бір бөлігін алып, стандарттарға сәйкестігін тексеретін зертханалар бар. Егер бәрі дұрыс болса, онда сертификат беріледі. Ешкім ештеңе шашпайды. Ішкі нарық өнімдері химикаттар себу арқылы ешқандай өңдеуден өткізілмейді, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Демек, видеоның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Біздің елде азық-түлік өнімдеріне нарыққа жібермес бұрын ешқандай ерітінділер себілмейді.

Бұған дейін қазақстандықтар ел билігі азық-түлікті әдейі жоюы салдарынан аштық болатыны туралы қауесет таратқан. Шын мәнінде, көкөністі жою барысы көрсетілген видеолар Ресей мен Италияда түсірілген және қастандық теориясына еш қатысы жоқ. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button