Жаңалықтар

Алаяқтар инвестициялық платформаға ақша салуға шақырады

Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазмұнайгаз» компаниясы жанынан құрылған жаңа инвестициялық қордың жарнамасы белсенді түрде таратылуда. Оған ақша салғандар айына үш мың долларға дейін пассивті кіріс табады екен. Бұл алаяқтардың ісі.

Шын мәнінде, «ҚазМұнайГаз» компаниясының да, ҚР Президентінің де бұл «қорға» ешқандай қатысы жоқ. Бұған компанияның ресми сайтына кіріп, көз жеткізуге болады.

– «ҚазМұнайГаз» Қазақстан азаматтарының қаражатын ешқандай инвестициялық жобаларға тартпайтынын мәлімдейді. Таратылатын жарнама жалған және алаяқтық сипатқа ие. Қазақстандықтардан сақ болып, тек ресми дереккөздерге ғана сенулерін сұраймыз, – делінген порталдағы хабарламада.

Қазақстандықтарға іс жүзінде жоқ қорларға «инвестиция салу» бұған дейін де бірнеше рет ұсынылған. Желіде осыған ұқсас жарнама HalykBank атынан таратылған болатын.

Желіде Halyk Bank-тің инвестициялық бағдарламасы туралы фейк таратылуда

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button