Fake News

Қазнетте «ҚазМұнайГаз» атынан пассивті табыс табудың жалған жарнамасы пайда болды

Қазнетте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атынан жарнама жарияланды. Алаяқтар «оңай табыс табуды» ұсына отырып, танымал компанияның атын пайдаланған. Схема шеңберінде бонустық шотқа 26 500 теңге аударылады екен. Бұл өтірік.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі жалған жарнамаға қатысты түсініктеме берді.

«Интернетте «ҚазМұнайГазға инвестиция салып, жоғары табысқа кенел» деген желеумен оңай жолмен ақша табуға шақыратын алаяқ сайттар пайда болып тұрады.

Алаяқтар іздеу жүйелерінде, сондай-ақ YouTube, Facebook-те жаппай жарнама таратады. Оны басқан қолданушы әлеуметтік желілерде жалған аккаунтарға, одан әрі жалған сайтқа немесе оның басқа доменмен тіркелген көшірмесіне өтеді.

ҚазМұнайГаз бір ғана ресми сайты бар екенін мәлімдейді, ол — kmg.kz. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылған басқа сайттар алаяқтарға тиесілі. Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек ресми сайтта, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады», – деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button