Фейк: «Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі ұзартылды»
Қазақстандықтар мессенджерлерде Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі ұзарту жоспарланып отырғаны жайлы жазуда. Бұл жалған.
– 19 қаңтарда түнжарымнан кейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылады. Бұған дейін Президент өзге өңірлерде төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын. Осылайша, бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Төтенше жағдай кезінде енгізілген коменданттық сағат пен басқа уақытша шектеу шаралары да жойылады. Халықтың бірлігі мен тұтастығының, құқық қорғау органдары мен әскерилердің жанкешті іс-қимылдарының арқасында Қазақстанның барлық аумағында тәртіп пен тыныштық қалпына келтірілді, – деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы.