Fake News

Манипуляция: «Ауруханаларда пациенттердің рөлін актерлер ойнайды»

Қазнетте ауруханадағы бойжеткен өзінің статистика үшін ғана жатқаны туралы айтқан бейнеролик тарады. Сондай-ақ, ол дәрігерлерге оның жағдайының «нашарлағаны» туралы хабарлауы тиіс сценарийді көрсетеді. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл шын КВИ науқастарының жоқтығының дәлелі болып табылады. Бұл – фейк.

COVID-диссиденттер таратып жатқан видеролик 2020 жылғы 10 қыркүйекте, сол жылы мамыр айында ашылған Berlin Corona ауруханасында түсірілген.

Аурухана сол уақытта КВИ пациенттерінің саны көп болуына байланысты ашылған. Қыркүйекке қарай аурушаңдық деңгейі төмендеп, ғимарат босады. Дегенмен, медицина қызметкерлері әлі де кезекшілік етеді және тәжірибе жүргізуді қажет етеді. Ол үшін аурухана әкімшілігі жаттығулар өткізіп, науқастарды сомдайтын студенттерді тартады. Осылайша, дәрігерлер нақты жағдайларда шұғыл көмек көрсету механизмдерін пысықтайды және бір мезгілде бірнеше пациентке көмек көрсетуді үйренеді. Бұл жағдайда статистер қызметтері ақылы. Бір күнде оларға 50 евро төленеді. Оқу жаттығулары кезінде клиникада операторлардың болуы бүкіл процесті бейнеге түсіріп, қажет болған жағдайда дәрігерлердің жұмысын талдап, «қатемен жұмыс жасау» үшін қажет.
Кейін кейіпкері роликтің шығу тегін өзі түсіндіреді. Ол індеттің жоқтығын дәлелдеуге ниеті болмағанын айтады. Сондай-ақ, клиниканың қандай шарттармен және қандай себептермен статисттерді жалдағаны туралы келісім-шартты көрсетеді.
Қорыта айтқанда, видео COVID-19 пандемиясының ойдан шығарылғанын, осы індетті жұқтырған науқастардың жоқтығын, ал аурухана пациенттерін актерлер бейнелейді дегенді дәлелдемейді. Роликте Германияда КВИ аурушаңдығын төмендету кезеңінде өткізілген дәрігерлердің жаттығуы көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button