Fake News

Фейк: «Бүкіл әлемде 5G іске қосылған кезде, барлық адамдар өледі»

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар 5G форматындағы желілердің орнатылуына алаңдауда. Олардың кейбіреулерінің пайымдауынша, байланыс іске қосылған кезде адамдар кенеттен өле бастайды. Бұл жалған.

Шын мәнінде, 5G байланысының әсері адамдар үшін аса қауіпті деп ойлауға ешқандай негіз жоқ.

2021 жылдың шілдесінде Еуропалық парламенттің арнайы комиссиясы 5G-дің денсаулыққа әсерін зерттеу нәтижелерін жариялады. Онда мұндай байланыс өмір мен денсаулыққа ешқандай қауіп төндірмейді делінген.

Сонымен қатар бүгінгі таңда 5G желілері Қытай, АҚШ, Филиппин, Оңтүстік Корея, Канада және басқа елдерде мыңнан астам қалада жұмыс істеп тұр. Бұл қалалардағы адамдар технология пайда болғанға дейінгідей өмір сүріп жатыр. Елді мекендерде жаппай өлім тіркелмеген.

Сондай-ақ 2022 жылдың шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, 5G желісін орнату, іске қосу немесе инвестициялау бойынша жұмыстар әлемнің көптеген елдерінде жүргізіліп жатыр.

Қазақстанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 5G форматындағы байланыс 2022 жылдың соңына қарай қолжетімді болады. Бірінші кезекте оған Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары қосылады. Қалған қалаларда желілер 2025 жылға дейін орнатылады. Бұл ретте бұл желілердің жұмысы Қазақстанда пилоттық режимде іске қосылған. Бұл жаппай өлімге әкелген жоқ.

Демек, 5G желілерін іске қосу Жер бетіндегі адамдарды өлтіреді деген теория фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button